28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 28 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфера фронттарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Жауын-шашын (көбіне қар) жауады. 

Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды. 

Солтүстік пен оңтүстікте тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады, батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады.