Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
![Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады](/media/k2/items/cache/d9bc20f467d5d65f7e52045c0fde8d77_XL.jpg?t=20240302_043809)
2 наурызда еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады.
Республика бойынша тұман түседі. Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.