Үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

Күн суытып, қар жауады.

Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады. Солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады. Қар, бұршақ түседі, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет мамандары. Орталықта, Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында күн суытады. Көп мөлшердегі жауын-шашынға байланысты Шығыс қазақстанның таулы аудандарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін. Батыста күн ашық болады. Астанада қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.