Синоптиктер: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
![Синоптиктер: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/media/k2/items/cache/c0d0e8b28327d7b635c3d04a710c5354_XL.jpg?t=20240823_100537)
Алдағы үш күн еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды 24kz.
Жел күшейеді. Синоптиктер осындай болжам жасап отыр. Ертең-бүрсігүні шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбырдың арты бұршаққа ұласуы мүмкін. Республиканың батысы мен солтүстігінің жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайды.