Солтүстік циклон еліміздегі ауа райына әсер етті

Астанада күн күрт суытты.

Кешелі бері аяз қысып, оқушылар қашықтан оқып жатыр. Бүгін жел соғып тұр. Күндіз күн райы минус 20 градусты көрсетсе, желдің жылдымдығы секундына 23 метрге дейін жетеді. Синоптиктердің мәліметінше ертең де осы температура сақталады. Күндіз минус 8, ал түнде температура 14 градусқа төмендейді. Жалпы апта басында солтүстік циклон республиканың көп бөлігіне әсер етті. Ал елдің оңтүстігінде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.