Елде күн райы құбылып тұр
Арқада күн күрт суытты, деп хабарлайды 24KZ. Астананың өз басында қазір 18-20 градус аяз. Оның үстіне жел көтеріліп, сырма жүріп тұр.
Ертең түнде аяз 30-32 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз 22-24. Одан әрі күннің көзі аздап сынғанмен түнде 28-29, күндіз 18-19 градустың шамасында суық болады.
Ал бұл уақытта елдің оңтүстігінде 6-7 градус жылы. Күндіз 10-12 градусқа дейін ысиды. Шымкентте күн шайдай ашық. Мұнда, ертең де түнде сәл суық болғанымен, күндіз бүгінгідей жылы болады.