Павлодар облысында бірқатар жол жабылды

Павлодар облысында ауа райының құбылуына орай республикалық бірқатар жол жабылды.

Қалың қар жауып, екпінді жел салдарынан «Қызылорда-Павлодар», «Астана-Ерейментау-Шідерті» бағыты бойынша көлік қозғалысы шектелді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасында боранда жолаушылармен қарға батып қалған көлікті алып шықты. Көлік ішіндегі алты адам Шідерті кентінің жылыту пунктіне эвакуацияланды. Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады.