Әлем халқы Күннің жартылай тұтылуын көрді

Олар ерекше құбылысты бейнеге түсіріп, әлеуметтік желіде жаппай бөлісті, деп хабарлайды 24kz.

Күнның тұтылуы жергілікті уақыт бойынша күндізгі 14.00-де басталып, шамамен 4 сағат бойы көрініп тұрды. Ең жарқын сәті бірнеше минутқа созылды. Кейбір мәліметке сәйкес, айрықша құбылысты 800 миллионнан астам адам тамашалап үлгерген. Мұндай мүмкіндікке көбіне Солтүстік Америка, Еуропа мен Африка тұрғындары ие болды. Әсіресе, солтүстік жақтағы Канада мен Дания халқына жақсы көрінген. NASA мамандары: «Ай Күнді 70%-ке дейін көлегейледі», - дейді. Күннің келесі тұтылуы 21 қыркүйекте болуы мүмкін.