Жаңбыр мен үсік: алдағы күндері ауа райы қалай құбылады?
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде үсік, қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл байқалады.
Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі уақытта 1-6 градус үсік күтіледі. Көп өңірде жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе мен Түркістан облыстарында өрт қаупі сақталады.
Мамандар тұрғындарды сақ болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.