Таяу Шығысқа рейстер тоқтайды

Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты Air Astana әуе компаниялар тобы бірқатар халықаралық рейсін уақытша тоқтатты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

23 маусымнан бастап Атырау, Астана, Алматы – Дубай және Астана – Доха бағыттары бойынша рейстер тоқтайды. Компания өкілдері қазіргі жағдайды жіті бақылап отыр және алдағы уақытта рейстер кестесіне қатысты өзгерістер болса, қосымша хабарланатынын ескертті.