Астанада елорда күніне орай отшашу болады

Астанада 6 шілдеде елорда күніне орай мерекелік салют атылады.

Фейерверк демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Салюттің шамамен басталу уақыты: сағат 23:00. Ол отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік OPEN AIR концертінен кейін Ботаникалық бақ аумағынан атылады.

Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда елорда күні мерекесі атап өтіледі. Бұл мерекеге орай Астанада жыл сайын жүзден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтеді. Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше оқиғалар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.