Қазақстандағы алтын қорының көлемі 30 жылға жетеді

Фото: depositphotos.com

Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел болып қала береді. 

Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:

 Алтын 30 жыл

Мыс 38 жыл

Қорғасын 156 жыл

 Темір кендері 957 жыл

Көмір 350 жыл

 Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.

Бұл – қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз.

Ресурстық база тұрақтылығы инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі.