Байқоңырдан «Бион-М» №2 биоспутнигі орбитаға ұшырылды

75 тышқан ғарышқа жол тартты. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан №2 «Бион-М» биоспутнигі орбитаға ұшты, деп хабарлайды 24kz.

Ғарыш аппаратының бортында тышқандармен қатар дрозофила шыбындары, өсімдіктер мен өзге де микроағзалар бар. Ғалымдар осы спутник арқылы салмақсыздық пен ғарыштық радиацияның тірі ағзаларға ұзақ уақыт бойы қалай әсер ететінін зерттемек. Тәжірибе бірнеше айға жалғасады.