1 қыркүйекте бірқатар өңірде ауа райы күрт бұзылады
Күздің алғашқы күнінде Қазақстанның көптеген өңірінде найзағай ойнап, тұман түседі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында 1 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 1 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 1 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус аптап ыстық болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз 35 градус аптап ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Семей қаласында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 1 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын болады, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) үдей түседі. Найзағай жарқылдап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 1 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай жарқылдап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа, түнде екпіні 23 м/с-қа жетеді. Өскемен қаласында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында жел күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 1 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 1 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында 35 градус аптап ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында күндіз найзағай жарқылдайды.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-37 градус аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 1 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 38 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 1 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысында солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, 2 қыркүйекте оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады.