Еліміздің солтүстігінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Бүгін елдің басым бөлігінде күн ашық болады.

Тек солтүстік өңірде ғана жаңбыр аралас қар жауады деген болжам бар. Батыста жел күшейіп, ауа райы жауын-шашынды болады. Оңтүстік аймақта тұман түсіп, шаңды дауыл болуы мүмкін. Ал Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде және Жетісу облысының солтүстік, орталық аудандарында үсік жүреді.