Зейнетақы жинағын емге жұмсау тоқтатылды

Зейнетақы жинағын барлық ем-дом түріне жұмсауға тыйым салынды.

Бұл туралы «Отбасы банк» хабарлады. Бұған дейін тіс емдеу, көзге операция және пластикалық операцияға пайдалану тоқтатылған еді. Дегенмен, осы шектеулерден кейін радиохирургиялық ем-дом, яғни қатерлі ісікті емдеуде қолдану күрт көбейген. Әзірге қашан рұқсат берілетіні белгісіз. “Зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану бойынша өтініш қабылдау талаптары түзетілгеннен кейін қайта басталатыны қосымша хабарланады” делінген банк хабарламасында.