Қазақстан әлемдік әскери рейтингте 58-орында

Фото: depositphotos.com

Қазақстан әлем елдерінің әскери қуатын бағалайтын Global Firepower ұйымының рейтингінде 145 мемлекеттің ішінде 58-орынды иеленді, деп хабарлайды «24KZ» Kazinform-ға сілтеме жасап.

Рейтингте елдің қорғаныс әлеуеті, қаржылық мүмкіндіктері, әскери техникасы мен адами ресурстары сияқты 60-тан астам көрсеткіш ескеріледі. Индекс бойынша Қазақстанның көрсеткіші тұрақты деңгейде сақталған.

Сарапшылардың бағалауынша, бұл нәтиже Қазақстанның аймақтағы әскери қуаты жоғары елдердің бірі екенін және қорғаныс саласында тұрақты даму байқалатынын көрсетеді.

Жалпы рейтингте алғашқы орындарды АҚШ, Ресей және Қытай иеленген.

 Қазақстан бұл тізімде Орталық Азия елдері арасында алдыңғы қатардағы орнын сақтап отыр