No Comment: ақылды роботтар көрмесі

Қытайдың Чанчунь қаласында ақылды көмекші роботтар таныстырылды. 

Алақанға сыятын құрылғылар адамдармен сөйлесіп, сұрақтарға жауап береді. Түрлі қимыл-қозғалыс жасай алады. Сондай-ақ олар балаларға ағылшын тілін үйренуге, бағдарламалау мен 3D модельдеудің негіздерін меңгеруге көмектеседі. Мамандар мұндай құрылғылар болашақта білім беру саласында кеңінен қолданылуы мүмкін екенін айтады.