12 тамызда толық күн тұтылады

Ай күн бетін 1 жарым сағатқа жабады деген болжам бар. Тиісінше, 2 минут 18 секундқа қараңғылық орнайды. Бұл құбылысты Еуропа жақтан анығырақ көруге болады. Әсіресе Испания, Исландия мен Гренландия өте қолайлы болмақ. Солтүстік Америка елдері мен Ресейдің Арктикадағы бөлігі тұтылуды жартылай көре алады.

НАСА тікелей эфир жүргізуге уәде берді. Сонымен қатар, сол күні тағы бірнеше табиғи құбылыс болады: таң атқанға дейін алты ғаламшардың шеруі өтеді және түнде Персеид аққан жұлдыздар ағыны ең шегіне жетеді.