Әйелдердің «Ұмай» ипотекасы: мұқият есеп

«Отбасы банк» өтінім қабылдау күнін жариялады.

Кез келген қазақстандық қыз-келіншек жаңа үйден де, қайталама нарықтан да пәтер сатып алуға жеңілдетілген несие рәсімдей алады. Атыңызда баспана болса да өтінім бере аласыз. Бағдарламаның басты артықшылығы осы. Сонымен қатар тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына 15 млн теңгеге дейін бөлек қарыз алуға болады.

Назерке Ғалым, «Отбасы Банк» АҚ ресми өкілі:

-  Жалпы бұл жоба Азия даму банкімен бірлесе іске асырылып жатыр. Жалпы келісім-шарт бойынша Азия даму банкі 90 млрд теңге қаражат бөледі. Оның ішінде 45 млрды Ұмайға, қалған 45 млрды Жасыл ипотекаға. Әйелдер тұрмыста ма, жоқ па ешқандай кедергі жоқ. Тек қана әйел болса болғаны. Бұл гендерлік тепе-теңдікті сақтау үшін Азия даму банкі осындай жобаны қолдап отыр. 

Өтінімді банк бөлімшесіне бармай "Отбасы банк" сайтындағы "Бейнеқызмет көрсету" қызметі арқылы немесе Баспана Маркеттегі жеке кабинет арқылы беруге болады. Төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы 6 айдағы ресми табыс анықтамасы қажет. Қосалқы қарыз алушыларды да тартуға болады. Қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бүгінде банкке алғашқы 9 млрд теңге траншы түсті.

Назерке Ғалым, «Отбасы Банк» АҚ ресми өкілі:

- "Ұмай" бағдарламасы бойынша алдыңғы жарна өңірлерде 15 пайыздан басталады. Ал Астана мен Алматыда 20 пайыздан басталады. Бұл қаражатты қолма-қол сатушының қолына береді. Отбасы банкінде депозит болу қажет әрине, бірақ ол депозитте алдыңғы жарнаның жатуы шарт емес. Егер әйел тұрмыста болмаса, өзіне ғана саналады. Егер әйел тұрмыста болса, күйеуі екеуінің жалақысы 1 млн 250 мыңнан аспауы керек.

"Ұмай" ипотекасымен қандай баспана сатып алуға болады?

* пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйді тек Баспана Маркет арқылы

* ҚТК кепілдігі немесе сақтандыру тетігі бар құрылыс кезеңіндегі тұрғын үйді

* 2016 жылдан кейін салынған қайталама тұрғын үйді 

"ҰМАЙ" ИПОТЕКАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ

* бастапқы жарна – өңірлерде 15%, Астана мен Алматы қалаларында 20%-дан басталады

* мөлшерлемесі – 14,8% (ЖТСМ 16,3 - 16,8% аралығында

* қарыздың ең жоғары сомасы – ₸ 50 млн дейін

* отбасының орташа айлық таза табысы – ₸ 1 250 000 аспауы тиіс

* бағдарлама Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді

Сондай-ақ оқыңыз: