Ақылды қала. Метродағы қауіпсіздік техникалары

2011 жылы Алматы қаласының тұрғындарына метро пайдалануға берілген болатын. Содан бері жерасты көлігі еш ақаусыз жұмыс істеп келеді. Іске қосылғанына небәрі 5 жыл болған ол соңғы үлгідегі тың құрылғылармен жабдықталған. Нақтырақ айтсақ, мұнда қауіпсіздік техникаларына көптеп көңіл бөлінген. Оның алдын алуда адам күшінен гөрі заманауи құрылғылар көбірек қолданылады. Мұнда қызметкерлер бір орнында отырып-ақ платформаны бақылай алады. Ендеше метроның қауіпсіздігіне кепілдік беретін нендей құрылғылар? Мұнда қандай «ақылды» технология бар?