Саяхат. Солтүстік Тянь-Шаньнің інжу-маржаны

Тау шатқалдарындағы көркі көз тартатын көлдер мен қалың қарағай көмкерген ерекше ландшафтарға саяхат жасауды ұйғарсаңыз. Қайыңды мен Көлсайға баруды ұсынамыз. Ол Алматыдан 300 шақырым қашықтықтағы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орналасқан. Онда қалай жетуге болады? Қанша қаражат қажет? Толығырақ білгіңіз келсе бізбен бірге көрікті Көлсайға саяхат жасаңыз.