Абайлаңыз, импорт! Сапалы есік таңдаудың құпиясы

Еліміздің басым аймақтарында аса суық ауа температурасы тек қыс мезгілінде ғана емес, күздің соңғы айлары мен көктемнің басында да болады. Қаһары қатты аязды күндері жұмыстан шығуға асығып, жылы үйімізге барғымыз келеді. Алайда баспананың жайлы болуына тек жылу беру жүйесінің үздіксіз жұмысы ғана емес, үйіңізде кіреберісте орналасқан есігіңіздің жылуды қаншалықты жақсы оқшаулай алатындығына да байланысты. Ендеше тек пәтеріңіздің қауіпсіздігін ғана қамтамасыз етіп қоймай үйіңіздегі жылуды сақтап, артық шудан қорғайтын сапалы есікті қалай таңдаймыз?