«ЭКСПО» арқылы өтетін маршруттар 103 жаңа автобуспен толығады

«ЭКСПО» арқылы өтетін маршруттар 103 жаңа автобуспен толығады

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде ЭКСПО көрме орталығы арқылы қатынайтын 11 қоғамдық көлік 103 жаңа автобуспен толығады.

Астана қаласы әкімдігіндегі брифингте бұл шаралар автобустар арасындағы қозғалыс интервалын 10-15 минуттан 5-7 минутқа дейін қысқартатыны айтылды.

Бұдан бөлек, бұл қоғамдық көліктің күнделікті тасымалдау мүмкіндігін 150 мыңнан 260 мың адамға дейін арттырады.

Дереккөз: astana.gov.kz