Халықаралық көрме аясында Гана Республикасының ұлттық күні аталып өтті

Ганалықтар бұл датаны 1975 жылдан бері мерекелеп келеді.

Гана Батыс Африкадағы шағын ел. Халқы пайдасы мол, баламалы энергияны қолдайды. Сондықтан осы маңызы зор халықаралық шараға қатысуға ниет білдірген.

Бүгінгі шара аясында аталмыш ел әртістері дамуға деген құлшынысты білдіретін «Уилс» мюзиклін қойды. Ұлттық күн «Гана – жаңғыртылатын энергия көздерінің мүмкіндіктер мекені» тақырыбындағы бизнес форуммен жалғасты.

Басқосуда жасыл энергияны өндіру жолдары мен баламалы энергия саласы дамыған мемлекеттермен іскерлік байланыс орнату мәселесі қаралды.

Альфред Аннор, Гана павильонының директоры:

- Біз қазір баламалы энергияны қолданып, тиімділігін көріп отырған елдің біріміз. Ганада тропикалық орман алқабында үлкен жасанды көл бар. Онда су электр стансасы жұмыс істеп тұр. Одан басқа да жүзеге асырылып жатқан жобаларымыз баршылық. Күн көзінен және қуатты биоотыннан өндіретін стансалардың өзі 200-ге тарта елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Әлі де осы бағытты жандандыра түссек дейміз. Астана EXPO көрмесінде көптеген тәжірибені тамашаладық.