Астанадағы «Этноауылға» EXPO көрмесі кезінде 750 мыңға жуық адам келген

Астанадағы «Этноауылға» EXPO көрмесі кезінде 750 мыңға жуық адам келген

EXPO көрмесі кезінде Астана іргесінде бой көтерген этноауылға 3 ай ішінде 750 мыңға жуық адам келген.

Оның ішінде шетел азаматтары да бар. Онда күнделікті еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар концерттік бағдарламалар қойды. Қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылды. Ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, аламан бәйге өтті. Бұған еліміздің барлық аймағы атсалысып, әр облыс 10 күн бойы мерекелік шаралармен көпшілікті тәнті етті. Ал «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің жабылу салтанатына орай «Ұлы дала әуендері» атты халықаралық фестиваль өтті.

Айгүл Үлкенбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, насихаттауымыз, болашақ ұрпаққа аманаттауымыз керек. Жасалып жатқан шаралардың бәрі сол мақсатта деп ойлаймын. Президенттің Мақаласы дер кезінде шыққан. Мен оны қолдаймын. Өйткені рухани азық ол біздің өнеріміз, мәдениетіміз.