374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Наурыз мерекесінде ауа райы қандай болады?

  • 487
  • UPD: 14:25, 10.04.2018
<span class=favorites>Наурыз мерекесінде ауа райы қандай болады?</span> Politeka

«Қазгидромет» РМК 20-22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде мереке күндері жауын, қар аралас жаңбыр жауады. Мұндай ауа райы Каспийдің оңтүстігі және Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жылжыған циклон және ауа ағындарына байланысты. Бірақ ауа температурасы жауын-шашынға қарамастан, климаттық нормадан жоғары болады»,– делінген хабарламада. Синоптиктердің хабарлауынша, оңтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы 15-20 градус жылы, кей жерлерде тіпті 25 градусқа дейін ыстық болады. Ал республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 3-13 градус нөлден жоғары болады.

Осы категория бойынша: « Ауа райының қолайсыздықтарына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды Елорданың триатлон-саябағында скандинавиялық жүрістен тегін жаттығулар өткізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы