384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

  • 1029
  • UPD: 14:21, 10.04.2018

Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Тіпті көптеген жерде қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін.

Қазақстанның тек батыс өңірлерінде ғана күн ашық болады екен. Ал еліміздің бас қаласы Астанада алдағы күндері желдің екпіні күшейіп, жауын-шашын мол түседі.

Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Республикамыздың солтүстік аймақтарынан циклон әсер етуде және сол циклонмен байланысты атм. Фронттар шығыс бағытымен жылжуына байланысты алдағы 3 тәулікте еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болады. Тұман, көктайғақ болады. Ал батыс аймақтарға келер болсақ бұл жаққа Ресейдің еуропалық аумағынан антициклон кірді.

Хабар 24 телеарнасы