384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


18 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

  • 686
  • UPD: 07:44, 18.04.2018
18 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады Обои для рабочего стола

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын сақталады.

Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында қатты жел соғып, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай, шаңды дауыл, бұршақ, солтүстікте көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді, бұршақ болуы мүмкін.

Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді. Атырау облысында шаңды дауыл соғады. Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан. Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тқман түседі, деп жазады «Қазгидромет» РМК.

Хабар 24 телеарнасы