384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

  • 661
<span class=favorites>Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?</span> 31tv.ru

Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклонға байланысты республиканың басым аймақтарында жауын-шашынның тоқталуы мен ауа температурасының көтерілуі күтіледі.

21 сәуірге қарай оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 18-23 градусқа дейін, шеткі оңтүстікте 25-28 дейін, шығыста және орталықта 13-21 дейін көтеріліп, солтүстікте 10-18 дейін жылынады.

Тек республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын, температураның төмендеуі күтілуде. Және алдағы үш күнде батыс аймақтарда температура орта көпжылдық мәнге жуық болады.

Хабар 24 телеарнасы