384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

  • 1232
  • UPD: 12:21, 21.04.2018

Сенбі және жексенбіде еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады деп күтіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл атмосфералық фронттардың Ресейден Қазақстан аумағына өтуімен байланысты. Жауын-шашын алдымен еліміздің батысында басталып, кейіннен шығыста жалғасады. Оңтүстік өңірлерде жауынмен қатар найзағай ойнап, жел соғады. «Ал солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, Жерді қалың тұман тұмшалайды», – дейді синоптиктер.

Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженері:

- 21 сәуірде Астанада күндіз жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы түнде – 6-8 градус, күндіз 15-17 градус жылыны құрайды. 22 сәуірде Астанада кей уақытта жаңбыр жауады. Екпінді жел күтіледі. Түнде – 8-10, түнде 13-15 жылыны көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы