384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс және мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы

  • 482
  • UPD: 12:39, 05.05.2018
Демалыс және мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы Информбюро

Алдағы екі тәулікте суық арктикалық фронттар Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс, орталық, солтүстік облыстарында суық және кей жерлерде жаңбыр тудырады.

Солтүстік және орталық облыстарда жаңбыр дымқыл қарға ауысуы мүмкін, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі. Фронттардың артынан Баренцев теңізі аймағынан антициклон жылжып, онымен жауын-шашынның тоқтатылуы күтіледі. Антициклонның Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжуынан республиканың барлық аймағында температураның жоғарылауы басталады. 9 мамырда көптеген облыстарда жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның солтүстік аймақтарынан басқа, онда 8-9 мамырда жаңбыр болуы мүмкін, деп хабарлайды kazhydromet.kz.

Хабар 24 телеарнасы