389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


7 мамыр күні ауа райы қандай болады?

  • 502
7 мамыр күні ауа райы қандай болады?

Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және республиканың орталығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтілуде, солтүстікте күндіз бұршақ жаууы мүмкін, ал республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Кей жерлерде тұман мен дауыл болып, жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с, түнде және таңертең тұман күтілуде. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді. Күндіз Кызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болып, шаңды дауыл күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман болжанады. Алматы, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күтілуде. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман байқалады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы