389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


8 мамырда еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

  • 530
8 мамырда еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді tv8.md

Республиканың солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, найзағай, желдің күшейюі күтілуде.

Ал кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с, кей жерлерінде тұман, найзағай  күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, күндіз жел 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы