388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


10 мамыр күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

  • 494
  • UPD: 18:22, 09.05.2018
10 мамыр күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста және ортада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, найзағай, шаңды дауыл күтіледі, батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін. Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Ал Алматы облысының жекелеген ауданында жел күшейеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы