389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазгидромет шаңды дауылға байланысты бес облысқа ескерту жариялады

  • 608
Қазгидромет шаңды дауылға байланысты бес облысқа ескерту жариялады

Еліміздің бес облысында дауыл тұратыны жайында Қазгидромет ескерту жариялады.

10-11 мамырда Атырау облысында күн күркіреп, шаңды дауыл, шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

10-11 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы мүмкін. Орал қаласында 10-11 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай күтіледі.

10 мамырда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел 15-20 м/с күтіледі.

10-12 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

11 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, тәулік бойы оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20, екпіні 25 метрлі желдің күшеюі шаңды дауылмен күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы