389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

  • 704
  • UPD: 12:00, 11.05.2018
Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? ОТВ

Мамырдағы шуақты және жылы күндер жауын-шашынды және суық күндерге ауысады.

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбырлы, найзағайлы, бұлтты ауа райы күтіледі.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа райынан кейін, жаңбыр, кей жерлерде екпінді жел соғып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық норма шегінде болады, ал солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлерінде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы