389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ветеринарлық сервис» арнайы чат-боты іске қосылды

  • 369
  • UPD: 16:08, 11.05.2018
«Ветеринарлық сервис» арнайы чат-боты іске қосылды

Telegram қосымшасындағы сервис қала тұрғындарына Астана ветеринарлық сервис қызметі бойынша ақпарат пен белгілі бір қызмет түріне тапсырыс беруіне болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана әкімдігінің «Астана ветсервисі» «Астана Innovations» АҚ бірлесіп және «Астананың тұрақты даму орталығы» ЖШС Telegram қосымшасынан «Ветеринарлық сервис» чат-ботын іске қосты. Бұл өз кезегінде елорда тұрғындарына белгілі бір қызмет түріне тапсырыс беруіне және астана ветеринарлық сервис қызметі бойынша ақпарат алуына мүмкіндік береді.

Бүгінде «Ветеринарлық сервис» чат-боты астана тұрғындарына төмендегідей сауалдар бойынша тапсырыс беру мүмкіндігін ұсынады:

– анкета толтыру және үйде қызмет көрсетуі үшін жануарға тапсырыс алу (ит, мысық);

– өзінің жоғалған асыранды үй жануарын іздеуге тапсырыс беру;

– Тұрғын үй алабында қаңғырып жүрген жануарларға ары қарай қолданатын шаралар туралы шағым жолдау;

– Жануарларды сәйкестендіру үшін чип енгізуге тапсырыс беру (ірі қара мүйізді мал, ұсақ мүйізді мал, ит, мысық); 

– басқа сауалдар бойынша ақпарат алу.

Аталған қызметтер тізімдері толықтырылатын болады. Басқа да ақпараттар ұсынылады, сондай-ақ паналаудағы жануар туралы ақпарат суретімен қоса беріледі. Telegram қосымшасындағы чат-бот https://t.me/vetservicebot (@vetservicebot) сілтемесі арқылы қолжетімді.

Жобаны жүзеге асыру барысында көпшілікке белгілі жануарларға қатысты қағидалар мен этикалық нормаларды сақтау қарастырылған. Мұнда асыранды жануарларға мұқият қарап, аялауға басымдық беріледі. 

Хабар 24 телеарнасы