385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жүзуден тегін сабақтар өтеді

  • 706
Алматыда жүзуден тегін сабақтар өтеді uszasoktatassiofok.hu

Маусымның 4-і мен тамыздың 31-і аралығында «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында 8-12 жас аралығындағы балалар арасында жүзуден тегін сабақтар өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Кәсіпқой бапкерлер жеткіншектерді бассейндермен қамтылған алты спорт кешенінде жүзуге үйрететін болады. Олар Сейфуллина 404 – Aquastars, Тимирязева 41 – Aquastars (Республикалық спорт колледжі), Яссауи 1Б – Aquastars, Өтеміcұлы 1 (Шаңырақ ықшама уданы), Алғабас-1 ықшам ауданы (Almaty Arena), Сортировочная 4 – «H20» көшелерінде орналасқан. Балалар топтарға бөлінеді, бағдарлама бойынша әр балаға 12 жаттығу қарастырылған.

Біріншіден бұл сабақтарға көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары қатысады. Осы жылы 2000 бала жаздың соңына дейін тегін жүзу сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Айта кетсек, тіркелу үшін туу туралы куәлік копиясы, мединалық анықтама, ЖСН және ата-аналарыңыздың байланыс телефондарын міндетті түрде көрсету қажет.

Хабар 24 телеарнасы