386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


16 мамыр күні еліміздегі ауа райы қандай болады?

  • 843
16 мамыр күні еліміздегі ауа райы қандай болады? Moldova today

16 мамырда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі.

Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ал өзге аймақтарда жел күшейіп, тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы