Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысына Қазгидромет ескерту жариялады.
18 мамырда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Сондай-ақ жел күшейеді.
Ал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. 18 мамырда Петропавл қаласында күндіз солтүстіктен желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 25 м/с. Тұман түсіп, найзағай күтіледі.
Астана қаласында 18 мамырда күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.