388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кәсіпқойлармен бірге тегін жаттығулар жалғасуда

  • 601
Алматыда кәсіпқойлармен бірге тегін жаттығулар жалғасуда Informburo.kz

Алып шаһарда Almaty Street Fitness фитнес жаттығулары жалғасуда, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

«Fitness blitz» нұсқаушылары өздерінің шеберліктерімен мамырдың 26-27-і күндері Тұңғыш Президент саябағында таңғы 8:00-де бөлісетін болады.

Барлық әуесқойлар нұсқаушылармен бірге жаттығуларды жасап, бапкерлер дұрыс тамақтанудың құпиясымен бөліседі.

Бұл жаттығулар «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында әр демалыс сайын «Fitness blitz» нұсқаушыларымен өткізіліп тұрады. Оның басты мақсаты – қала тұрғындарын салауатты өмір салтына бейімдеу.

Хабар 24 телеарнасы