376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада көпбалалы отбасыларға жеңілдік көлік картасы беріледі

  • 1672
  • UPD: 10:30, 25.05.2018
Астанада көпбалалы отбасыларға жеңілдік көлік картасы беріледі astana.gov.kz

2018 жылы төртінші баланы тууға біржолғы жәрдемақыны тағайындауға хабарласқандар және көпбалалы отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алмайтын көпбалалы отбасылар, қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүру үшін жеңілдік беретін көлік картасын алуға құқықтары бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап. 

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген тұлғалардың санатына Достық 13 мекенжайында орналасқан басқарманың № 6 бөліміне, 55-68-22, 55-68-34, 55-68-40 байланыс телефондарына хабарласуы қажет.

Өзімен бірге ата-аналардың біреуінің жеке куәлігін, барлық балаларының туу туралы куәліктерін, отбасы мүшелеріне арналған мекенжай анықтамасын ала келуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы