386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері Астанада қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін

  • 672
  • UPD: 10:53, 29.05.2018
<span class=favorites>Алдағы күндері Астанада қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін</span> Фото: Mail.KZ

Мамыр айының 27-29 күндері Астанада қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.

27 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, таңда және күндіз жауын жауады (қар, жаңбыр). Жел солтүстік-шығыстан 15-20, желдің екпіні күндіз 25 м/с болады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +6...+8°С.

Ал 28 мамыр күні көшпелі бұлт шығып, түнде және күндіз жауын жауады, күндіз жаңбыр, қатты жел, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 соғып, желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +0...+2°С, күндіз +15...+17°С.

29 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 жылдамдықпен соғады, жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°С, күндіз +15...+17°С.

Хабар 24 телеарнасы