385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: Қазгидромет Қазақстанның бірнеше облысына ескерту жариялады

  • 1033
  • UPD: 15:12, 29.05.2018
Ауа райы: Қазгидромет Қазақстанның бірнеше облысына ескерту жариялады hvylya.net

Ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысына дауылды ескерту жарияланды.

30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде жауын-шашын, найзағай, дауыл, тұман, бұршақ жауы мүмкін. Түнде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында 30 мамырда солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде 3 градус үсік күтіледі.

30 мамыр күні Ақмола облысында солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлікте 15-20, екпіні 23-28 м/с. Кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Астана қаласында 30 мамыр күні солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

30 мамырда Жамбыл облысында жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Тараз қаласында 30 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

Осы күні Қарағанды облысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с дейін күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Ал Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с, 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с. Кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с. Өскемен қаласында 30 мамырда жел 17-22 м/с-қа күшейеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы