386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 651
  • UPD: 23:34, 29.05.2018
Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды Фото: Zakon.kz

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды.

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Қызылорда облысында 29-30 мамырда солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с, 29 мамырда екпіні 25 м/с жел, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Көптеген жерде жаңбыр, кей жерлерде, найзағай, дауыл, тұман, бұршақ болуы мүмкін. Петропавл қаласында түнде 29 мамырда солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Жаңбыр, найзағай, дауыл, тұман, бұршақ болуы мүмкін.

29 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыска ауысады 15-20 м/с күтіледі.

29 мамыр тәулік бойы Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, шаңды дауыл күтіледі. 30 мамырда күндіз (30.05 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін) кей жерлерде солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, шаңды дауыл күтіледі. 31 мамырда тәулік бойы кей жерлерде солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, шаңды дауыл күтіледі. Орал қаласында 29 мамырда тәулік бойы (28.05 сағ 20:00-ден 29.05 сағ 20:00-ге дейін) солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, 30 мамырда күндіз (30.05 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін), 31 мамырда тәулік бойы (30.05 сағ 20:00-ден 31.05 сағ 20:00-ге дейін) солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.

29 мамырда Ақтөбе облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с сақталады. Кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Ақтөбе қаласында күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с-ке күшейеді. Кей уақытта найзағай болады.

29 мамырда Атырау облысының күндіз кей жерлерінде солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. 29 мамырда Атырау қаласында күндіз солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

30 мамырда (2018 ж. 21 сағ. 29 мамырдан 21 сағ. 30 мамыр аралығы) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз көптеген жерде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде жауын-шашын, күндіз жерлерде жаңбыр. Кей жерлерде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ жауы мүмкін. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында күндіз солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

30 мамырда Жамбыл облысында жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Тараз қаласында 30 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 30 мамырда күндіз Қарағанды облысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с дейін күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. 30 мамырда күндіз Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с. Кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Өскемен қаласында 30 мамырда жел 17-22 м/с-қа күшейеді.

30 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Түнде кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

30 мамырда Ақмола облысында солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлікте 15-20, екпіні 23-28 м/с. Кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Астана қаласында 30 мамыр күні күндізгі уақытта солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Көкшетау қаласында таңертең және күндіз 30 мамырда солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы