384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: Жаз жаңбырмен басталады

  • 1264
  • UPD: 12:21, 30.05.2018
<span class=favorites>Ауа райы: Жаз жаңбырмен басталады</span>

Қазгидромет таяу уақыттағы болатын ауа райы туралы хабарлады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 31-2 маусым аралығында Қазақстанда жиі жаңбырлы және найзағайлы салқын ауа райы сақталады. Мұндай ауа райы тропосферада орныққан солтүстік-батыс ауа ағындарымен, солтүстік теңіздердің жағалаулық аудандарынан келген суық және ылғалды ауамен байланысты.

Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында қысқамерзімді жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа төмен және оған жуық болады, ал орталық және шығыс облыстарда түнде кей жерлерде үсік күтіледі деп болжануда.

Хабар 24 телеарнасы