374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • 284
  • UPD: 22:24, 18.06.2018
Астанада алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы Yvision.kz

Маусым айының 19-21-і күндері Астанада қатты жел соғып, жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

19 маусым күні көшпелі бұлт шығады, жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15 м/с.

Ал 20 мамыр күні көшпелі бұлт шығып, күндіз жауын жауады. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 соғып, желдің екпіні күндіз – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде – +10+12°С, күндіз – +23+25°С.

21 маусым күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел солтүстік-батысқа бағытын ауыстырып, 9-14 жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде – +13+15°С, күндіз – +25+27°С.

19 маусым күні Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады.

Осы категория бойынша: « Елордада йога апталығы басталды 20 маусымда зейнетақы жарналары бойынша ашық есік күні өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы