374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

20 маусымда зейнетақы жарналары бойынша ашық есік күні өтеді

  • 279
20 маусымда зейнетақы жарналары бойынша ашық есік күні өтеді

20 маусым күні Астана қаласында «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы қоры бойынша сұрақтарға жауап және түсіндіру мақсатында «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы қоры шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері» тақырыбында ашық есік күні өтеді.

Іс-шараға кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Осы күні қала тұрғындары мен қонақтары өздерін алаңдатқан сұрақтары бойынша жүйелі түрде толық жауап ала алады. Шараға қатысушыларға келесі зейнетақы жинақтарының түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріледі.

– Міндетті зейнетақы жинақтары;

– Міндетті кәсіби зейнетақы жинақтары;

– Ерікті зейнетақы жинақтары туралы;

Бұған қоса, азаматтар жеке зейнетақы шоты туралы мәлімет алу әдістері туралы білетін болады және келушілерге БЖЗҚ-ның мамандары зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты сауалдарына жеке кеңес береді. 

Ашық есік күні 20 маусымда сағат 10:00 мен 17:00 аралығында Т. Бигелдинов көшесі, 12 үйде өтеді.

Ақпарат көзі: elorda.info

Осы категория бойынша: « Астанада алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 21 маусымда ауа райы құбылмалы болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы