367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

21 маусымда ауа райы құбылмалы болады

  • 375
  • UPD: 10:27, 21.06.2018
21 маусымда ауа райы құбылмалы болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Мұнда кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с  күтіледі, кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін. Батыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін. Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Осы категория бойынша: « 20 маусымда зейнетақы жарналары бойынша ашық есік күні өтеді Еліміздің батысында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы